Атырауда бір аптада мас күйде көлік басқарған 13 жүргізуші анықталды
Қаралым: 5
Атырауда 19–25 қазан аралығында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.
Бір апта ішінде жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 1 190 дерегі анықталды. Оның ішінде:
13 жүргізуші мас күйде көлік басқарған;
5 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған;
187 дерек жаяу жүргіншілерге жол бермеуге қатысты;
25 адам қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген;
19 қарсы бағытқа шығу дерегі тіркелген.
Мәселен, 25 қазанда сағат 08:05 шамасында Нұрсая ықшам ауданында патрульдік полиция қызметкерлері «Lada Priora» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында 1960 ж.т. жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.
Сондай-ақ, 26 қазанда сағат 00:07 шамасында Геолог ықшам ауданындағы «Соңғы аялдама» маңында «Daewoo Matiz» маркалы автокөлікті басқарған 1979 ж.т. азаматтың жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.
Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылып, 58 автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.