Отбасылық құндылықтар – қоғам тұрақтылығының негізі

Отбасылық құндылықтар – қоғам тұрақтылығының негізі

Мойынқұм аудан әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында “Нығмет-Нұры” қоғамдық бірлестігі отбасылық құндылықтарды нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында ауданның мемлекеттік қызметшілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында отбасы институтының қоғамдағы маңызы, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, сондай-ақ отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, әйелдердің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және отбасындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Отбасы – қоғамның тірегі, ал ұлттық құндылықтар – ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауы. Әрбір азаматтың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік таныту – қауіпсіз әрі берекелі қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

Отбасы амандығы – қоғам тұрақтылығының кепілі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1320311?lang=kk