Арнайы автокөлікке жол бер!

Арнайы автокөлікке жол бер!

Арнайы мақсаттағы автокөліктердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында "Арнайы автокөлікке жол бер" атты рейдтік іс-шара өткізілді

Іс-шара барысында жүргізушілерге өрт сөндіру, жедел жәрдем және басқа да арнайы қызметтердің көліктеріне арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған кезде жол беру қажеттілігі түсіндірілуде. Мұндай профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға, жүргізушілердің құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде оқиға орнына жедел жетіп, халыққа уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Арнайы автокөлікке жол беру – адам өмірін сақтауға қосылған үлес!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1320273?lang=kk