Вебинар анонсы: «Климаттың өзгеруі жағдайындағы су үнемдеуші егіншілік»

Вебинар анонсы: «Климаттың өзгеруі жағдайындағы су үнемдеуші егіншілік»

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі су ресурстарын үнемдеу технологиялары мен аграрлық секторды климаттың өзгеруіне бейімдеу мәселелеріне арналған сараптамалық онлайн-курсқа (вебинарға) қатысуға шақырады.

Кездесу барысында келесі негізгі тақырыптар егжей-тегжейлі қарастырылады:

  • Суаратын суды үнемдеудің заманауи технологиялары;
  • Тамшылатып және жаңбырлатып суару;
  • Тікелей тұқым себу технологиялары (No-Till, Strip-Till);
  • Топырақ ылғалдылығын цифрлық мониторингтеу;
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының су өнімділігін арттыру;
  • Ауыл шаруашылығын қуаңшылыққа бейімдеу бойынша Қазақстанның тәжірибесі.

Іс-шара спикері:

Жапаев Рауан Қайтбекұлы — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС егіншілік зертханасының меңгерушісі.

Өтетін күні: 2026 жылғы 18 қараша

Уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша)

Форматы: онлайн (Zoom платформасы)

Тіркелу және қосылу

Іс-шараға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркелуден өту қажет: https://forms.gle/NNEGUKgD72YfEszy7

❗️Назар аударыңыз: Zoom-ға қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға көрсетілген электрондық пошта мекенжайлары бойынша қосымша жіберіледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық поштаға хабарласуға болады: k.sultan@kazaid.kz

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1320245?lang=kk