Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі міндеттерді айқындады.
Жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселелеріне басымдық берілді. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі ретінде атап өтілді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы да Жолдаудың негізгі бағыттарының қатарында. Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, білім беру мен медициналық қызмет сапасын арттыру, тұрғын үй және инфрақұрылым мәселелерін шешу міндеттері қозғалды.
Аталған міндеттерді жүзеге асыруда өңірлердің рөлі ерекше. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға назар аударды.
Жолдауда көтерілген бастамалардың түпкі мақсаты – мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін арттырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1320238?lang=kk