Бүгін Есіл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Вадим Краснощек Николаевка ауылына барып, жаңа ветеринариялық пункттің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Заманауи ветеринариялық пункттің ашылуы — ауданның ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы маңызды қадам. Жаңа мекеме ауыл тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендердің халқына уақтылы әрі сапалы ветеринариялық көмек көрсетуге, профилактикалық іс-шараларды жүргізуге және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Вадим Краснощек пункттің бөлмелерін аралап, жабдықталуымен танысты және ауыл тұрғындарымен әңгімелесті. Ол ауылдық инфрақұрылымды дамыту әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Николаевка ауылының тұрғындарын жаңа ветеринариялық пункттің ашылуымен құттықтаймыз! Мекеме ұжымына жұмыстарына табыс тілейміз!