Жұмыскер ауылының жас дзюдошылары жүлделі орындарға ие болды

Ақадір кентінде ұйымдастырылған «AQADYR JUDO OPEN CUP» дзюдо жарысында Тағылы ауылдық округіне қарасты Жұмыскер ауылындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің күрес үйірмесіне қатысатын оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс барысында жас спортшылар әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынап, өздерінің шеберліктері мен дайындығын көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс жүлдегерлері:

  • 🥈 II орын – Ермекқали Айсұлтан (29 кг);
  • 🥉 III орын – Марат Бақдәулет (32 кг);
  • 🥉 III орын – Есентай Мансұр (26 кг).

Бұл жетістіктер – жас спортшылардың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ спортқа деген қызығушылығы мен жеңіске деген ұмтылысының нәтижесі.

Жүлделі орындарға ие болған оқушыларды және оларды жарысқа дайындаған жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз.

Жас дзюдошыларымыздың жетістіктері артып, мектебіміздің мерейі үстем бола берсін!

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1320206?lang=kk