Құрметті ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер!
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі аумағында жергілікті учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шара барысында жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілеріне абаттандыру қағидаларын сақтау, іргелес аумақтарды таза ұстау және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген рейдтік іс-шараның нәтижесінде елді мекенді абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес №263336030007229 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, ескерту түріндегі әкімшілік шаралар қолданылды.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Өздеріңізге тиесілі және іргелес аумақтарды таза ұстап, санитарлық тазалық талаптарын сақтауға шақырамыз. Таза қоршаған орта мен көрікті елді мекен қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
#тазақазақстан♻️
"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы мен "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karabulak/press/news/details/1320204?lang=kk