Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бибарыс Әшірбай туған елге оралды

Бүгін бокстан U19 санатындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бибарыс Әшірбайды күтіп алу рәсімі өтті.

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен U19 санатындағы әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бибарыс Әшірбай жоғары шеберлік танытып, финалға дейін жетті.

Жамбылдық боксшы жарыстың алғашқы кезеңдерінен бастап сенімді өнер көрсетті. Ол 1/16 финалда аргентиналық Сантьяго Хименез Лоссоны 5:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалда австралиялық Люк Насифтен дәл осындай басымдықпен басым түсті.

         Ширек финалда АҚШ өкілі Асанте Ламарды 3:0 есебімен ұтқан отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық Зулфикор Аджамжоновтан 4:1 есебімен басым түсіп, чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алды.

Финалдық бәсекеде Бибарыс Әшірбай күміс медаль иеленіп, U19 санатындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1320192?lang=kk