ЕРАЛИЕВ АУЫЛЫНДА ЖАҢА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ!
Республика күні мерекесіне орай Ералиев ауылында кішкентай тұрғындар үшін заманауи балалар ойын алаңы салтанатты түрде ашылды!
Ел игілігіне берілген бұл қуанышты жоба «Сарыарқа ENERGY» ЖШС демеушілігімен жүзеге асырылды.
Шара барысында аудан әкімі Кожыкаев Канат Шубайевич, «Сарыарқа ENERGY» ЖШС басшысы Рымбаев Амангельды Ракишевич, ауыл әкімі Мамбетов Ербол Шубаевич, ақсақалдар алқасының төрағасы Азбаев Мухаммедкали Уалиевич және «Толағай» қоғамдық қорының мүшесі Исатаев Казбек Косарович қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Салтанатты іс-шараны ауыл ақсақалы Өмірзақ ата ашып, жиналған қауымға өзінің ыстық ықыласы мен ақ батасын арнады.
Жаңа ойын алаңы балаларымыздың сүйікті орнына айналсын!
Балалар қуанышы- ортақ қуаныш
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka-eraliev/press/news/details/1320084?lang=kk