2026 жылғы 28–29 қазанда Қарағанды облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «№13 жалпы білім беретін мектеп» КММ және «№32 негізгі орта мектеп» КММ 9-сынып оқушылары үшін Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты «Мектеп-интернат-колледж» КММ базасында кәсіби сынамалар өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтарымен танысты.
Оқушылар аталған мамандықтардың ерекшеліктері мен қажетті кәсіби дағдылар туралы біліп, практикалық тапсырмаларды орындауда өз күштерін сынап көрді.
Кәсіби сынамаларға қатысу оқушыларға практикалық тәжірибе жинақтауға, мамандықтар әлемін тереңірек түсінуге және алдағы білім алу бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
Тәжірибе арқылы мамандықтармен танысу
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1320016?lang=kk