Қолжетімді орта-әр адамның құқығы

Қолжетімді орта-әр адамның құқығы

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

   Осыған байланысты мекемеге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ұлытау облысы Ұлытау аудандық  сотының қаулысымен мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 302 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

   Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға, олардың қоғамдық нысандарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

#ҚолжетімдіОрта #МүмкіндігіШектеуліЖандар #ИнклюзивтіҚоғам #ӘлеуметтікҚорғау #АдамҚұқығы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1320015?lang=kk