«Жол талғамайтын техникалардан бастап, «төрт аяқты» қаһармандарға дейін...»

«Жол талғамайтын техникалардан бастап, «төрт аяқты» қаһармандарға дейін...»

Жедел-құтқару жасағында Жәңгір хан атындағы университеттің студенттеріне Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара техникаларды таныстырудан басталып, құтқарушылардың күнделікті қызметі кеңінен баяндалып, теория тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Құтқарушылар қонақтарға жол талғамайтын өтімділігі жоғары көліктер мен шапшаң жүретін катерлерді таныстырды.

Алайда, күннің ең жарқын «жұлдыздары» техника емес, құтқарушылардың төрт аяқты көмекшілері болды. Кинолог маманның Хинди есімді қызметтік итпен бірлесіп атқарған жұмысы студенттердің зор ықыласы мен қызығушылығын оятты.

Экскурсия жастардың есінде ерекше әсер қалдырды.

Мұндай кездесулер жоғары оқу орындарының студенттері арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде маңызды рөл атқарады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1320012?lang=kk