Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері бойынша кеңес

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері бойынша кеңес

2026 жылғы 22 қазанда «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының, төтенше жағдайлар органдарының, білім басқару органдарының өкілдері және мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымдарының құрылтайшыларының қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында Департамент басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензия алу тәртібін, біліктілік талаптарын және лицензиялау рәсімінен өту үшін қажетті құжаттар тізбесін түсіндірді.

Кездесу аясында мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымдарын лицензиялауға қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, белгіленген талаптарды сақтау бойынша құрылтайшылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Кеңестің негізгі мақсаты кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әдістемелік қолдау көрсету және мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымдарының лицензиялау рәсімінен өтуге уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету болды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1319998?lang=kk