Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптары, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығының 10-тармағына сәйкес «Атырау облысы бойынша 2026 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату бағыты бойынша субсидиялар нормативтері, сондай-ақ өлшемшарттар, өтінімдер нысандары және өтінімдер беру мерзімдерін бекіту туралы» қаулы жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.

Осы қаулының жобасы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды көздейді.

Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15936234

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1319989?lang=kk