Қыс әлі келген жоқ, ал орман тұрғындарының азығы әзір

Қыс әлі келген жоқ, ал орман тұрғындарының азығы әзір

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында жабайы жануарларды қыстатуға дайындық аяқталуға жақын.

Қар қалыңдап, аяз күшейгенде табиғаттағы қорекке қол жеткізу қиындайды. Сондықтан ұлттық парктер мен қорықтарда қысқы азық қоры алдын ала дайындалуда.

Шөп, жем, дәнді дақылдар мен минералды тұз – жабайы жануарларға арналған қысқы қордың маңызды бөлігі.

Мемлекеттік инспекторлар азықтандыру алаңдары мен тұз жалау орындарын әзірлеп, биотехникалық шараларды жүзеге асыруда.

Қысқы қамқорлық бүгіннен басталады! Табиғат қорғаушыларының еңбегі жабайы жануарлардың қатаң қыс жағдайынан аман өтуіне қолдау көрсетуге бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1319974?lang=kk