Жамбыл облысында «TikTok»  желісінде балағат сөздер айтқан ер адам жауапқа тартылды

Жамбыл облысында «TikTok»  желісінде балағат сөздер айтқан ер адам жауапқа тартылды

Жамбыл облысында «TikTok»  желісінде балағат сөздер айтқан ер адам жауапқа тартылды

📲Жамбыл облысында полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында тікелей эфирде дөрекі балағат сөздер айтқан 42 жастағы ер адамды анықтады. 

🚔Ер адамның тұрғылықты жері жедел түрде анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сот шешімімен құқық бұзушының әрекетіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

📌Өз кезегінде тұрғын жасаған ісіне өкініш білдіріп, қатесін түсінгенін және алдағы уақытта мұндай әрекетке жол бермейтінін жеткізді.

🔉Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын ұстануға шақырады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1319933?lang=kk