Қарағанды облысында кәмелетке толмағандар арасында діни радикалданудың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысында кәмелетке толмағандар арасында діни радикалданудың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында кәмелетке толмағандарға деструктивті діни идеологиялардың ықпал етуінің алдын алуға және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жұмыс тобының көшпелі іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында Саран, Теміртау қалалары мен Абай ауданының мектеп басшылары және ювеналды полиция қызметкерлері үшін оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинарда Қарағанды облысының дін істері және білім басқармаларының өкілдері, сондай-ақ облыс әкімдігінің терроризмге қарсы комиссиясы бөлімінің қызметкері баяндама жасады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1319903?lang=kk