Департаментте «Ашық есік күні» өтті

Департаментте «Ашық есік күні» өтті

🎙️Департаментте «Ашық есік күні» өтті

2026 жылғы 29 қазанда Жетісу облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде өңір тұрғындарына арналған «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталды.

Іс-шара аясында Департамент қызметкерлері азаматтарды қабылдап, өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде:
🔹зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру;
🔹мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау;
🔹медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу және мүгедектікті белгілеу;
🔹еңбек өтілін растау және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша консультациялар берді.

Азаматтарды қызықтырған барлық мәселелер бойынша 9 азаматқа жеке консультациялар беріліп, Департаменттің құзыреті шегінде жан-жақты түсіндірмелер ұсынылды. Мамандар қойылған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды түсіндірді.

📌Департамент мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, халықты ақпараттандыру және азаматтарға өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1319863?lang=kk