2026 жылғы 20 қазанда Бұланды ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Самат Мұхамедьянович Жүсіпов пен заң қызметі бөлімінің бірлесуімен «Мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға әкім аппаратының басшылары мен бөлім мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында заң қызметі бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Әсем Айдаровна Темірханова баяндама жасап, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелерін түсіндірді.
Азаматтардан сыйлықтар алу, өтініштерді қарау кезінде таныс адамдарға артықшылық беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастыруға жәрдемдескені үшін ақша алуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша заңдылық, әділдік, ашықтық және бейтараптық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл — әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ жауапкершілігі.