Күзгі демалыс: полиция ата-аналарға ескерту жасады

Күзгі демалыс: полиция ата-аналарға ескерту жасады

     Оқу демалысы кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астанада полиция ата-аналарға ескерту жасады. 

     Демалыс уақытында балалардың бос уақыты көбейіп, достарымен серуендеуге жиі шығатыны белгілі. Осыған байланысты ата-аналардан балаларының қайда жүргенін, кіммен бірге уақыт өткізетінін және үйге қай уақытта оралатынын бақылауда ұстау сұралады. 

     Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болуына тыйым салынады.

     Аталған талаптарды бұзған жағдайда ата-аналар немесе заңды өкілдер заңнамада көзделген жауапқа тартылады.

     Полиция қызметкерлері демалыс уақытында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастырады. 

     Полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеуге және қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1319739?lang=kk