Интернеттегі қауіпсіздік

Интернеттегі қауіпсіздік

БҚО бойынша ЭТТД ҰББ жедел уәкілі А.К. Қолғанатов Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқуышылары және мұғалімдерімен кездесуде спикер ретінде сөз сөйледі.

Кездесу барысында Департамент өкілі дипфейк, фишинг және интернет желісіндегі қауіпсіздік шараларына тоқталды. Сонымен қатар қатысушылардың  өмірінде интернет-алаяқтықпен кездескен нақты кейстерге талдау жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1319725?lang=kk