“Жергілікті Basqaru» жобасы аясында өңірлік жиын өтті!

“Жергілікті Basqaru» жобасы аясында өңірлік жиын өтті!

Шет ауданы әкімдігінің қолдауымен Ақсу-Аюлы ауылындағы аудан әкімдігінде жергілікті қоғамдастық әлеуетін арттыру жолдарына арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында жергілікті өзін-өзі басқару саласының сарапшылары қатысып, өзекті мәселелер мен даму бағыттарын талқылады. 

Шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сарапшылармен тәжірибе алмасты және өңірдің әлеуетін көтеру жолдарын бірге пысықтады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1319712?lang=kk