ШӘҚК отырысын өткізу туралы

ШӘҚК отырысын өткізу туралы

2026 жылғы 29 қазанда Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 93-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан шекаралық ведомстволарының, сондай-ақ ШӘҚК Үйлестіру қызметінің, ТМД Атқарушы комитетінің, Терроризмге қарсы орталықтың, ТМД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру бюросы және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының басшылары мен сарапшылары қатысты.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғаудың, ақпарат алмасуды автоматтандырудың, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске асырудың, қылмыспен күресу жөніндегі бірлескен шаралардың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар Достастық кеңістігінде шекара қауіпсіздігін  нығайтуда ШӘҚК маңызды рөлін атап өтті.

Халықаралық іс-шараның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1319707?lang=kk