«Ата-анаңның үйін тексер» акциясы: Түркістан облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

«Ата-анаңның үйін тексер» акциясы: Түркістан облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Сауран ауданының ТЖБ жылыту маусымына дайындық аясында тұрғын үйлерге газ және түтін датчиктерін орнатуда.

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Ата-анаңның үйін тексер» акциясын жалғастыруда.

Профилактикалық іс-шара барысында мамандар тұрғын үйлерді аралап, газ пен түтінді анықтайтын арнайы датчиктерді орнатты және олардың өмірді сақтап қалудағы маңызын түсіндірді. Құтқарушылар тұрғындарды ата-аналары мен жақындарының үйіндегі өрт қауіпсіздігін бақылауға шақырады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1319674?lang=kk