Сәтбаевта қараусыз қалған көліктер арнайы тұраққа қойылуда

Сәтбаевта қараусыз қалған көліктер арнайы тұраққа қойылуда

Сәтбаев қаласында абаттандыру қағидаларын бұза отырып, қараусыз қалдырылған автокөліктерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөліктер арнайы тұраққа жеткізілуде.

Рейдтік жұмыстар қала аумағын ретке келтіруге және ортақ пайдаланылатын орындарды қараусыз қалған көліктерден тазартуға бағытталған. Мұндай автокөліктерді анықтау мен оларды арнайы тұраққа шығару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қала тазалығы көшелерді тазалаумен ғана шектелмейді. Ортақ аумақтарды ұқыпты пайдалану, өз мүлкін қараусыз қалдырмау да маңызды. Автокөлік пайдаланылмаса да, оның иесі абаттандыру қағидаларын сақтауға жауапты.

Полиция тұрғындарды көліктерін қараусыз қалдырмауға, оларды орналастыру кезінде айналасындағылардың мүддесін ескеруге шақырады. Аулалар мен көшелердің тазалығы, тұрғындарға қолайлы болуы — ортақ жауапкершілік.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1319647?lang=kk