2027 ЖЫЛ - ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС ЖЫЛЫ

2027 ЖЫЛ - ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС ЖЫЛЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғырту мен өңірлерді дамытуға ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Басты бағыттар:

  • әлеуметтік нысандарды салу;
  • инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту;
  • ⁠көлік инфрақұрылымын жаңғырту;
  • ⁠тұрғын үй құрылысын жалғастыру;
  • ⁠құрылыс жобаларының сапасы мен орындалу мерзімдерін бақылау.

Бұл бастамалар елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, өңірлердің тұрақты дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Сапалы құрылыс - өңір дамуының негізі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1319644?lang=kk