🏆 «АЛТЫН ТҰҒЫР» – БІЛІМ МЕН БІЛІКТІҢ БИІК БЕЛЕСІ!

🏆 «АЛТЫН ТҰҒЫР» – БІЛІМ МЕН БІЛІКТІҢ БИІК БЕЛЕСІ!

📚 2026 жылғы 28 қазанда Нұра ауданында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасы өткізілді.

✨ Олимпиаданың мақсаты – бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, пәндік білім деңгейін анықтау және үздік педагогтерді анықтау.

👏 Олимпиадаға аудан мектептерінен 42 педагог қатысып, өздерінің кәсіби білімдері мен біліктіліктерін, ізденістері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсетті.

🌟 Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 8 педагог іріктеліп, аудан намысын облыстық кезеңде қорғау құрметіне ие болды. Олардың қатарында:
🔹 қазақ тілінде білім беретін мектептерден – 4 педагог;
🔹 орыс тілінде білім беретін мектептерден – 4 педагог.

💐 Облыстық кезеңге жолдама алған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік, сенімділік, жоғары нәтиже және кәсіби жеңістер тілейміз! Ауданымыздың абыройын асқақтатып, білім бәйгесінде биіктен көрінулеріңізге тілектеспіз!

Білімді ұстаз – сапалы білімнің кепілі! Бірлік пен кәсібилік – ортақ жетістігіміздің негізі!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1319641?lang=kk