ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді 2026 жылғы 31 қазанда сағат 09:00-де Бескөл ауылында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз.

Өтетін орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институтская көшесі, 1А үй, «Парасат» мектеп-лицейінің стадионы аумағында.

Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің өнімдері, соның ішінде жұмыртқа, сүт және ет өнімдері, көкөністер, картоп және тағы басқа көптеген тауарлар кеңінен ұсынылады.

Сондай-ақ, жергілікті өндірушілерден мал азығын (шөп, сабан, астық қалдықтары және т.б.) сатып алуға болады.

Аудан тұрғындарын белсенді қатысуға және жергілікті өндірушілердің өнімдерін сатып алуға шақырамыз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-osh/press/news/details/1319638?lang=kk