Өнімнің 1 тоннасына белгіленген акциз мөлшерлемелері:
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда):
- Өндірушілердің өздері өндірген өнімді көтерме саудада өткізуі — 38 134 теңге;
- Жеке және заңды тұлғалардың көтерме саудада өткізуі — 0 теңге;
- Өндірушілердің өнімді өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін бөлшек саудада өткізуі — 38 634 теңге;
- Жеке және заңды тұлғалардың өнімді өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін бөлшек саудада өткізуі — 500 теңге;
- Импорт — 38 134 теңге.
Дизель отыны:
- Өндірушілердің өздері өндірген өнімді көтерме саудада өткізуі — 35 726 теңге;
- Жеке және заңды тұлғалардың көтерме саудада өткізуі — 0 теңге;
- Өндірушілердің өнімді өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін бөлшек саудада өткізуі — 35 786 теңге;
- Жеке және заңды тұлғалардың өнімді өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін бөлшек саудада өткізуі — 60 теңге;
- Импорт — 35 726 теңге.
Газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспалары және экологиялық отын:
- Өндірушілердің өздері өндірген өнімді көтерме саудада өткізуі — 38 134 теңге;
- Жеке және заңды тұлғалардың көтерме саудада өткізуі — 0 теңге;
- Өндірушілердің өнімді өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін бөлшек саудада өткізуі — 38 634 теңге;
- Жеке және заңды тұлғалардың өнімді өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін бөлшек саудада өткізуі — 500 теңге;
- Импорт — 38 134 теңге.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1049 қаулысына сәйкес, заңнамада көзделген жағдайларда белгіленген баға шегінен асқан кезде баға айырмасының 95%-ын ескере отырып, акциз есептеледі.
Маңызды ақпарат: мұнай өнімдеріне салынатын акциз мөлшерлемелері
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1319616?lang=kk