Алматыда халықаралық іс-шара өтуде

Алматыда халықаралық іс-шара өтуде

    2026 жылғы 27–28 қазан күндері Алматы қаласында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) ұйымдастырған «Дін немесе наным-сенім бостандығы және қауіпсіздік» тақырыбындағы халықаралық іс-шара өтуде.

   Іс-шараға Жетісу облысының дін саласындағы мамандары қатысуда. Кездесу барысында дін немесе наным-сенім бостандығын қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәселелері, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелер талқылануда.

   Халықаралық іс-шара тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және дін бостандығы саласындағы халықаралық қағидаттарды іске асыру жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1319568?lang=kk