КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
 
Кентау қаласы “Көктөбе” демалыс аймағында ұлттық мереке – Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі Жандос Тасов, зиялы қауым өкілдері мен қала жастары қатысты.
Жиында қала әкімі Жандос Тасов іс-шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды.
«Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз елдігіміздің символы, тәуелсіздігіміздің тұғыры – Мемлекеттік Туымызды көтеру рәсіміне жиналып отырмыз. Көк байрағымыз – халқымыздың бірлігі мен бейбіт өмірге деген ұмтылысының, жарқын болашаққа деген сенімінің белгісі. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету, еліміздің дамуына үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті. Кентауымыз көркейіп, еліміз өркендей беруі үшін баршамыз бірлікте еңбек ете берейік! Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің мерейі үстем болсын!» – деді қала әкімі.
Мерекелік шара барысында патриоттық әндер шырқалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көк байрағымыз асқақтап, елдік пен бірліктің, тәуелсіздіктің символына айналды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1319523?lang=kk