Абай облысы ТЖД бастығы Шүлбі кентіне жұмыс сапарымен барды

Абай облысы ТЖД бастығы Шүлбі кентіне жұмыс сапарымен барды

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Еркін Отарғалымұлы Шүлбі кентіне жұмыс сапарымен барып, Шүлбі ГЭС-інің қызметімен және су өткізу көлемімен танысты.

Сапар барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, өзара іс-қимыл және бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Шүлбі кентіндегі ПЧ-6 өрт сөндіру бөліміне барып, жеке құраммен кездесіп, өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының жай-күйін және қызметтік дайындықты тексерді.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – қауіпсіздік шараларын зерделеу және тиісті қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-abay/press/news/details/1319497?lang=kk