Аудан әкімі Айбек Купенов азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.
🔹Үш сағатқа созылған қабылдауға 22 азамат қатысып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
🔹Қабылдау барысында әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй кезегіне тұру және баспанамен қамтамасыз ету, шаруа қожалықтарын рәсімдеу, жер қатынастары, тұрақты жұмыспен қамту және төтенше жағдайларға қатысты мәселелер көтерілді.
🔹Аудан басшысы әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсініктемелер берді. Сондай-ақ көтерілген мәселелерді жан-жақты қарау және шешу жолдарын айқындау бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
🔹Қабылдау барысында түскен барлық өтініштер аудан әкімінің жеке бақылауына алынып, олардың орындалуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1319486?lang=kk