Орал қаласында өткен «Шексіз әлем» облыстық фестивалінде Бөрлі ауданының намысын қорғаған оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Шайымбетова Томирис;
🏅 Алғыс хат – Жолдыбай Сафуан;
🏅 Алғыс хат – Құмарғалиева Айзере.
Бұл жетістіктер – оқушылардың таланты мен табандылығының, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен үздіксіз қолдауының нәтижесі.
Жас өнерпаздарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Өнерлерің өрге жүзсін!
«ШЕКСІЗ ӘЛЕМ» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕГІ ЖЕҢІС
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1319475?lang=kk