Сурдотехникалық құралдар — есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған техникалық құралдар. Олар есту мүмкіндігін жақсартуға, дыбыстық ақпаратты қабылдауды жеңілдетуге және күнделікті өмірде, оқуда, жұмыста еркін қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Мұндай құралдарға есту аппараттары, кохлеарлық имплантқа арналған сөйлеу процессоры, дабыл жүйелері, мәтіндік хабарламаға арналған ұялы телефон, веб-камерасы бар ноутбук, арнайы сағаттар және дауыс құраушы аппараттар жатады. Бұл құралдар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес ұсынылады.
Сурдотехникалық құралдар — есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған техникалық құралдар.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1319471?lang=kk