«БАСТАУЫШ СЫНЫП ШЕБЕРІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«БАСТАУЫШ СЫНЫП ШЕБЕРІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

27 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған «Бастауыш сынып шебері» олимпиадасы өтті. Мұндағы мақсат – педагогтердің пәндік, әдістемелік және цифрлық құзыреттіліктерін дамыту, шығармашылық әлеуетін арттыру және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану дағдыларын анықтау. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынады: педагогикалық IQ тесті, жасанды интеллект құралдарын қолдану және шебер-сабақ көрсету.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен номинация иегерлері анықталды.

I орын:
* Тулепбергенова А.К. – Пугачев мектеп-бөбекжай-балабақша кешені.

II орын:
* Мусагалиева Ж.Б. – Ақсай қаласының №9 жалпы орта білім беретін мектебі;
* Тоқбаева Г.К. – Ақсу мектеп-бөбекжай-балабақша кешені;
* Танатарова С.С. – Кеңтүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені.

III орын:
* Кенжебекова А.К. – Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі;
* Жумагазиева М.К. – Ақсай қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі.

Номинациялар бойынша:
* «Үздік педагогикалық идея» – Сарамбетова Д.М., Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі;
* «Үздік AI-шешім» – Нысанова М.С., Ақсай қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі және Диярова З.А., Ақсай қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі;
* «Үздік сабақ фрагменті» – Тутурова М.С., Жарсуат жалпы орта білім беретін мектебі.

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ұстаздарға шығармашылық шабыт, кәсіби ізденіс және шәкірттерінің биік жетістіктеріне куә болуды тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1319454?lang=kk