Маңғыстау облысының Әділет департаменті «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында студенттерге дәріс өткізді

Маңғыстау облысының Әділет департаменті «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету мақсатында студенттерге дәріс өткізді

Маңғыстау облысының Әділет департаменті «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Қалалық орталық кітапхана» ғимаратында студенттерге Заң және тәртіп: құқық пен жауапкершілік» және «Интернет алаяқтық және қарыз: құқықтық салдары» тақырыптарында дәріс өткізді.

 

Іс-шараға Әділет департаментінің мамандары мен заң қауымдастығының өкілдері қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты - студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру. 

 

Сонымен қатар, студенттердің өзекті құқықтық мәселелер бойынша қойған сұрақтарына мамандар қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жауап берді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1319450?lang=kk