ШҚО ДСБ "Шемонаиха аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК базасында дөңгелек үстел өткізілді

ШҚО ДСБ "Шемонаиха аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК базасында дөңгелек үстел өткізілді

2026 жылғы 22 қазанда ШҚО ДСБ «Шемонаиха аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында дәрігерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, оның барысында келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

1. Мүгедектігі бар адамдарды жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары, оның ішінде оларды ауыстыру мерзімдері (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы). Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері.
2. Гемофилия, целиакия және фенилкетонурия кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу ерекшеліктері.
3. Бауыр циррозы кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу ерекшеліктері.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1319447?lang=kk