Ақтөбе облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде

Ақтөбе облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде

27–31 қазан аралығында Ақтөбе облысында ауыл мектептерінің 9–11(12)-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 13 пән бойынша ұйымдастырылуда.
Облыстық кезеңге өңірдің түкпір-түкпірінен 1 096 оқушының қатысуы жоспарланған. Қатысушылар өз білімдерін, аналитикалық қабілеттерін және күрделі оқу тапсырмаларын шешу дағдыларын сынайды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1319445?lang=kk