«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Байқауға 13 педагог өтінім беріп, оның 12-сі қатысты. Қатысушылар белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарын ұсынып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсетті. Педагогтердің жұмыстары бекітілген бағалау талаптарына сәйкес сараланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
Бас жүлде – №2 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мұғалімі Романқызы Аида.

I орын – Жолтаптық негізгі жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрмұхамбет Сетергүл.

II орын – №1 жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі  Танарбергенов А.Ж.;

II орын – Еңбекші негізгі жалпы білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Бүлекбаева М.А.

III орын – Т.П. Праслов атындағы Прииртышск жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Романова А.И.;

III орын – Моисеевка негізгі жалпы білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі Асаин С.Р.

Бас жүлде , I және II орын иегерлері аудан намысын облыстық кезеңде қорғайтын болады.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Педагогтерге шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1319409?lang=kk