Мектептердегі оқушылардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігі бақылауда!

Мектептердегі оқушылардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігі бақылауда!

Мектептердегі тамақтану сапасын бақылау мақсатында КММ «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» және КММ «М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп» басшыларымен, білім бөлімінің мамандарымен бірлесе білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру жағдайы зерделенді.Зерделеу барысында дайын ас сапасы мен қауіпсіздігіне, бекітілген ас мәзірінің сақталуына, санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуына, азық-түлік өнімдерін сақтау шарттарына және тамақтануды ұйымдастыруға қатысты құжаттаманың жүргізілуіне баса назар аударылды.Сапалы әрі қауіпсіз тамақтану – әрбір баланың денсаулығы мен оқудағы жетістігінің басты кепілі!
Балаларға қамқорлық – баршамызға ортақ міндет!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1319403?lang=kk