Қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды

Қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 27 қазанда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің талдау жұмысы бөлімінің басшысы С.С.Таушкеев «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ облыстық филиалының директоры және «Sinegor grain» ЖШС өкілдерімен өткен жұмыс кездесуіне қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері болды. Кездесу барысында филиал директоры «Мемлекеттік аннуитеттік компаниямен» ынтымақтастықтың негізгі артықшылықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, мемлекеттік кепілдіктерге, сенімділікке және сақтандыру қорғанысының шарттарына тоқталды. Мұндай жұмыс кездесулерін өткізу өңір қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ әрбір еңбек адамы үшін сенімді әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1319394?lang=kk