Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Тлеулов Болатбек Эрнстович Заң факультетінің студенттеріне дәріс өткізді.

Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Тлеулов Болатбек Эрнстович Заң факультетінің студенттеріне дәріс өткізді.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Тлеулов Болатбек Эрнстович Заң факультетінің 3-курс студенттеріне дропперлік мәселесіне арналған қонақ дәрісін өткізді.

Іс-шара Шымкент қаласының Әділет департаментінің бастамасымен, Шымкент қалалық адвокаттар алқасы мен университеттің заң факультетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Дропперлік алаяқтардың өзгенің банк картасын немесе шотын заңсыз қаражатты қабылдау, аудару не қолма-қолақшаға айналдыру үшін пайдаланатын схемасы. «Картаңды уақытша бере тұр», «Ақшаны қабылдап, әрі қарай аударсаң жеткілікті», «Оңай табыс табасың» деген ұсыныстардың артында қылмыстық әрекет тұруы мүмкін.

Бұл мәселе студент жастар үшін ерекше өзекті. Қосымша табыс табуға ұмтылған жас адам күмәнді ұсынысқа сеніп, қылмыстық схемаға тартылуы мүмкін. Мұндай әрекеттің салдары қаржылық шығынмен шектелмей, қылмыстық жауаптылыққа және болашақ кәсіби жоспарлардың бұзылуына әкелуі ықтимал.
Банк картаңызды, мобильді банкингке кіру деректерін және SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз. Сыйақы үшін күмәнді ақша аударымдарына келіспеңіз!

Болашақ заңгерлер үшін құқықтық сауаттылық өз қауіпсіздігін қорғаудың ғана емес, қоғам алдындағы кәсіби жауапкершіліктің де негізі.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1319390?lang=kk