«Заң мен тәртіп» — мемлекеттік қызметшінің басты ұстанымы

«Заң мен тәртіп» — мемлекеттік қызметшінің басты ұстанымы

Аудан әкімдігінде аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ернұр Сұлтановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым-қатынаста адалдық, әділдік, сыпайылық және жауапкершілік қағидаттарын ұстануының маңыздылығы атап өтілді.
Қорытындысында әрбір мемлекеттік қызметші заң талаптарын қатаң сақтап, өз міндеттерін адал әрі сапалы орындауы және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға үлес қосуы қажеттігі айтылды.
Заңды сақтау — міндет, тәртіпті сақтау — жауапкершілік, халыққа адал қызмет ету — ортақ парызымыз.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1319340?lang=kk