«ИПЦ-Мунай» ЖШС

Жарияланған күні

Хабарландыру

  28.10.2026г.

 «ИПЦ-Мұнай» ЖШС 2026 жылғы 27 қарашада сағат 16:30-да Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майқомген ауылы, Қарашүңгіл көшесі, 4, Мәдениет үйінің ғимаратында Шолқара кен орны объектілері бойынша 2027 жылға арналған қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алу материалдары: атмосфераға ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы (ЖШН), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭББ), қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары (ҚОҚЖ), сондай-ақ Шолқара кен орнындағы Sho-P3 ұңғымасын салу жобасына арналған «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.

Қоғамдық тыңдауларға Google Meet интернет-платформасы арқылы бейнеконференция форматында қатысу мүмкіндігі қарастырылған:

https://meet.google.com/cmw-rvcr-xtj

Жергілікті атқарушы органның атауы және байланыс деректері: «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, e-mail: atr.priroda@atyrau.gov.kz.

Жоба әзірлеушісі: «ESG TREND» ЖШС, БСН 180540034304, Астана қ., Достық көшесі, 13, ВП 28, өкілі Жұмадилова А.З., тел.: +7 708 425 51 33, e-mail: esgtrendkz@gmail.com.

Тапсырыс беруші: «ИПЦ-Мұнай» ЖШС, БСН 020440001243, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 152/1, тел.: 8 (777) 237-77-88.

Жобалық құжаттама пакетімен қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкінің ақпараттық порталында (https://ndbecology.gov.kz/) және жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat) танысуға болады.

Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын ҰДБ порталында және Басқарманың atr.priroda@atyrau.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Шолқара кен орны учаскесінің географиялық координаттары:

  1. 46°38′31,75″ с.е., 55°16′32,93″ ш.б.
  2. 46°39′06,88″ с.е., 55°16′31,58″ ш.б.
  3. 46°41′30,89″ с.е., 55°20′08,98″ ш.б.
  4. 46°40′56,05″ с.е., 55°21′11,97″ ш.б.
  5. 46°39′14,33″ с.е., 55°20′40,21″ ш.б.
  6. 46°38′32,58″ с.е., 55°19′04,99″ ш.б.

Әсер ету аумағының географиялық координаттары:

46°38′56,69″ с.е., 55°17′28,12″ ш.б.

Проект Проект Проект Проект Проект Проект



Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары



қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/1319307?lang=kk