Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 5200-ден астам дерегі анықталды

Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 5200-ден астам дерегі анықталды
Атырауда жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 282 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 314 дерегі тіркелді. Барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
📍 Мәселен, 21 қазан күні сағат 12:45 шамасында Атырау қаласындағы А.Пушкин көшесінде 1985 ж.т. ер адам көше бойына қоқыс қалдықтарын шығарып, қаланың абаттандыру қағидаларын бұзған.
❗ Полиция ескертеді!
Қоқыс пен өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Азаматтарды тазалық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамауға шақырамыз. 🌿

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1319291?lang=kk