Петропавл прокуратурасы жетім балаларға арналған сериал көрсетілімін ұйымдастырды

Петропавл прокуратурасы жетім балаларға арналған сериал көрсетілімін ұйымдастырды

2026 жылғы 17 қазанда Петропавл қаласының прокуратурасы «Айқын нәтиже», «Қауіпсіз қала» және «Саналы ұрпақ» жобалары аясында 50 жетім балаға арналған іс-шара ұйымдастырды.

Қатысушыларға Астана қаласында түсірілген прокуратура органдарының қызметі туралы сериал көрсетілді. Көрсетілім алдында балаларға заң талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Сериал көрсетілімі аяқталғаннан кейін балаларға ойынсауық сипатындағы мультфильм ұсынылды.

Өскелең ұрпақтың құқықтық тәрбиесі – «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1319286?lang=kk