Орал қаласындағы «ОралАгроРемМаш» зауытының базасында өтіп жатқан халықаралық көрмеге өзге өңірлерден ТЖД өкілдері, шетелдік және өрт қауіпсіздігі саласының мамандары қатысуда.
Іс-шараға қатысушылар көрме басталар алдында Құтқарушылар аллеясына барып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында ерлік көрсеткен жандардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Көрме аясында Ұлыбритания, Түркия, Австрия, Қытай, Франция және Германия елдерінің компаниялары өз өнімдері мен заманауи техникалық шешімдерін таныстыруда. Қатысушылар өрт сөндіру-құтқару техникалары, арнайы жабдықтар мен төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық жаңа бастамаларды таныстыруда.