ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ — ОТАНҒА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ — ОТАНҒА ДЕГЕН ҚАМҚОРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Республика күні қарсаңында Қарағандыдағы Фёдоров су қоймасының аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында экологиялық сенбілік өтті.

Ізгі бастамаға 70 адам — облыстық Экология департаментінің қызметкерлері, Қарағанды экономикалық университетінің студенттері мен еріктілер қатысты. Қатысушылар су қоймасының аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, 20 қап қоқыс жинады.

Туған жердің табиғатын қорғау — ортақ міндет. Ал Отанға деген сүйіспеншілік осындай нақты істерден көрінеді!

Таза Қазақстан — таза табиғат, жарқын болашақ!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press/news/details/1319272?lang=kk